Қоғамдық келісім кеңестері

Қазақстан халқы Ассамбеясының эгидасымен қоғамдық келісім Кеңестері консультативтік-кеңестік органдар ретінде барлық аймақтарда құрылған.

 Қоғамдық келісім Кеңестерінің мақсаты  – Қазақстанды дамытудың стратегиялық мақсаттарына жету бойынша мемлекет пен қоғамның күштерінің бірігуін  қамтамасыз ету, тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті, реформалар бағдарламасын орындаудың басты шарты ретінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылады.

Қазіргі уақытта бүкіл Республика бойынша 1470 қоғамдық келісім Кеңесі жұмыс істейді, олардың 239-ы Батыс Қазақстан облысында. 

Кеңестер құрамы ҚХА қағидаты бойынша қоғамдық және этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар өкілдерінен, сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары  қатарынан құрылады.

Сондай-ақ қоғамдық келісім Кеңестерінің құрамына ақсақалдар, аналар кеңестері, азаматтық қоғамның өзге де институттары мен қоғамдық бірлестіктердің асооциациялары енгізілді. 

Қоғамдық келісім Кеңестері өз жұмысында  тұрғындар үшін маңызы бар экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық мәселелердің кең спектрін қамтиды.

2014 жылғы талдау деректері бойынша Кеңестер жұмысымен әлеуметтік-экономикалық, мәдени, экологиялық және өзге де мәселелердің кең спектрі бойынша  50-ден астам түрлі бағыт қамтылған.

       Жалпы алғанда, қолданыстағы форматта Елбасы тапсырмасының контексінде қоғамдық келісім Кеңестері бірқатар функциялар орындай алады:

  • азаматтық қоғам мен қоғамдық кеңестердің барлық құрылымдарын біріктіру және құрылымдық салада қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік мәселелері бойынша олардың жұмысын үйлестіру;
  • облыс, қала, аудан жұртшылығының кез келген көкейкесті мәселесін талқылауға, сондай-ақ құрылымдық шешімдерді дайындауға және қабылдауға әмбебап диалог алаңы  болуға;  
  • аса маңызы бар мәселелерді ашық және жария түрде талқылау, қоғамдық пікірді мемлекеттік органдарға жеткізу;
  • түрлі конфигурация мен форматта азаматтық қоғам иснтитуттары мен биліктің өзара байланысын қамтамасыз ету;
  • жергілікті атқарушы органдармен орындарда әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды бақылау жасау;
  • тұрғындар мәселесіне мониторинг жүргізу;
  • тұрғындар мәселесінің артикуляциясын қамтамасыз ету, аса қоғамдық маңызды бастамаларды, жобалар мен ұсыныстарды  қолдау және бастама жасау;
  • кез келген сипаттағы көкейкесті мәселе бойынша қоғамдық бәтуаластықты ұйымдастыру.

Қоғамдық келісім Кеңестерінің міндеттері:

  • тұрғындар, азаматтық қоғам инстиутттары мен жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың облысты және жергілікті қауымдастықты дамыту мәселесін шешуде «ашық үкіметтің» механизмін қалыптастыру процесіне және барлық деңгейдегі мемлекеттік органдармен шешім қабылдау процесіне азаматтарды тарту мәселелерін шешуде өзара байланысын қамтамасыз ету;
  • қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту,  сондай-ақ аймақтық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдар және қоғамдық институттар арасында өзара байланысының көкейкесті мәселелерінің бүкіл спектрі бойынша ұсыныстарды талқылау және дайындау;
  • аса қоғамдық маңызы бар бастамаларды, жобалар мен ұсыныстарды   қолдау және бастама жасау;
  • келеңсіз тенденциялардың алдын алу және ескерту, алауыздықтар мен дауларды реттеу жөніндегі практикалық шараларды жүзеге асыруға, даулы мәселелерді болдырмауға, әлеуметтік шиеленістің ошақтарын оқшаулауға қатысу. Кеңестер жұмысының маңызды бағыттарының бірі орындарда медиаторлық институтты дамыту- дауларды сотқа дейін реттеу, мүдделер қақтығысы белсенді шиеленісті кезеңге ұласуының алдын алу тәжірибесі болып табылады;
  • қоғамда өзін-өзі реттеуді кеңінен енгізуге қолдау көрсетуді, мемлекеттік органдардың жауапкершілік аймағын кезеңімен қысқартуды қамтамасыз ету; 
  • азаматтық қоғам институттарына олардың дайындықтары бойынша аса әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді көрсетумен байланысты өкілеттіктерді беруге қолдау көрсету.

Кеңестер отырыстарында  этносаралық және конфессия аралық келісімді нығайту, қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеу, дәстүрлер мен аға ұрпақ мәдениеті  сабақтастығы, денсаулық сақтау және салауатты өмір салты,  елдімекендерді абаттандыру, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, ауылда кәсіпкерлік пен жұмыспен қамтуды дамытуға қатысты түрлі мәселелер қарастырылады.

Азаматтық бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайту бойынша мақсаттылы бағытталған күштер әлеуметтік тұрақтылықтың  маңызды факторы болып табылады. Азаматтық қоғамның оның сан қырлы мүдделерімен қалыптасу жағдайында ең алдымен, базалық құндылықтар мен қағидаттар шеңбері бойынша келісімге қол жеткізу маңызды.  Осы мәселені шешуде жалпыұлттық идея үлкен мәнге ие, оның мәні:

  • қазақстандық отаншылдық пен ұлтаралық келісімге негізделген мемлкеттік идеологияны жүзеге асыру;
  • Қазақстан халқының бірлігін және қоғамдағы толеранттылықты нығайтуда;
  • қазақстандық қоғамның тарихи, дәстүрлі, рухани және мәдени құндылықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
  • ұлттық-мемлекеттік қауымдастық ретінде бірыңғай халықты қалыптастыру қағидатын жүзеге асыру болып табылады.

Қоғамдық келісім Кеңестерінің миссиясы  - түрлі әлеуметтік күштер мен институттарды біріктіру және әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешу болып табылады. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам әлеуетін біріктіру қажет.

Қоғамдық келісім Кеңесінің екінші міндеті   – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бойынша жұмсыты жалғастыру. Халықтың бірлігі мен келісімін нығайтудағы оның маңыздылығы сонда- мемлекетітк қазақ тілі қоғамды біріктіретін фактор болып табылады.

Қазіргі уақытта қоғамдық келісім Кеңестерінің жұмысы ретке келтірілді: Ережесі бекітілді, Кеңес құрамы қалыптасты, 2016 жылға арналған жұмыс жоспары құрылды, отырыстар өткізіледі.

Кеңестер жұмысының үлгілік жоспары:

  • ОТЫРЫСТАРДЫ ТОҚСАНЫНА 1 РЕТТЕН КЕМ ЕМЕС ӨТКІЗУ
  • ТҮСКЕН АРЫЗДАР МЕН ҰСЫНСТАРДЫ ҚАРАСТЫРУ  
  • ҚАЛА, АУДАН, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІНІҢ, ЖЕРГІЛІКТІ ДЕПУТАТТАРДЫҢ НАҚТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЕСЕПТЕРІН ТЫҢДАУ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ АРЫЗДАР МЕН ҰСЫНЫСТАРДЫ ОРЫНДАРДА ШЕШУ
  • ҚХА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТАҒЫ, ҚАЛАДАҒЫ, АУДАНДАҒЫ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕРІН ТЫҢДАУ
  • ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ФОРУМДАРЫН ӨТКІЗУ
  • ОБЛЫСТЫҢ, ҚАЛАНЫҢ, АУДАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУ
  • БАҚ-ТА КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АЙДАР АШУ

Жыл сайын желтоқсан айында қоғамдық келісім Кеңестерінің облыстық Форумы өткізіледі.   2015 жылы барлық аудандар 1 форумдарын өткізді.

Қазіргі уақытта әлеуметтік бастамалар мен қоғамдық келісім бөлімімен барлық аудандарға қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын түсіндіру және қызмет сапасын арттыру бойынша жұмыс іссапарлары өтуде. Мысалға Зеленов ауданы алынып отыр, онда кеңестер ешқандай формализмсіз, тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, өмірлік маңызы бар мәселелерді  шешу арқылы жұмыс істейді.

Қоғамдық келісім Кеңестері отырыстарының жұмыс жоспары мен хаттамасына сәйкес негізгі мәселе болып:

кәсіподақ және жастар бірлестіктерінің, ардагерлер ұйымдарының мемлекеттік ұлттық саясатты насихаттауға және жүзеге асыруға  қатысуы.

  1. Аналар Кеңесінің, қариялар Кеңесінің жастарды патриоттық тәрбиелеуге қатысуы.
  2. Этномәдени орталықтардың этностардың ұлттық дәстүрін сақтау бойынша қызметі.
  3. Аудандарда және ауылдық округтердегі жұмыссыздық мәселесі
  4. Алкоголь ішімдіктері мен есірткі заттарын қолдануды болдырмау мақсатында жастардың бос уақыттарын өткізу мәселесі
  5. Депутаттарды, жергілікті учаскелік инспекторларды атқарған жұмысы туралы тыңдау
  6. Отбасы әлеуетін дамыту
  7. Дін мәселесі  
  8. Заңнама және этносаралық қатынастар саласында құқықбұзушылықтың алдын алу
  9. Қоғамдық бақылау

Қоғамдық келісім Кеңестерінің отырыстарына мемлекеттік орган мен үкіметтік емес сектор өкілдері, сондай-ақ азаматтар, елдімекен тұрғындары қатысты.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасын таппақ.