Мақала

(copy 1)

2019 жылы 30 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Татуласу орталығында облыс медиаторлары арасында "Үздік қоғамдық медиатор", "Үздік медиация кабинеті" атты дәстүрлі байқау өтті. Байқаудың қазылар алқасының құрамына "БҚО Кәсіподақ Орталығы" АКБ төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов, аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Шамкелова Ганди, БҚО билер Одағының мүшесі Алдияров Бекқали, Татуласу орталығының басшысы Рахишева Алуа, кәсіби медиатор Хамзин Альхуат кірді. Қазылар алқасы мүшелерінің бірауыздан шешімімен конкурстың қорытындысы шығарылды:

І орын, "Үздік медиация кабинеті" - Апахаева Рая, Жаңақала ауданының қоғамдық медиаторы;

І орын, "Үздік қоғамдық медиатор" - Сельбаева Майра, Бөрлі ауданының қоғамдық медиаторы;

ІІ орын, "Тәжірибелі қоғамдық медиатор" - Машаева Гайни, Ақжайық ауданының қоғамдық медиаторы;

ІІІ орын, "Белсенді қоғамдық медиатор" - Сағиданов Кенжеғали, Шыңғырлау ауданының қоғамдық медиаторы; Кенжегалиев Амангелді, Казталов ауданының  қоғамдық медиаторы.