Мақала

ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ

Оралда VIІ облыстық қоғамдық келісім кеңестерінің форумы өтті. Аталмыш іс-шараға барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, аналар мен ақсақалдар кеңесі, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдардың басшылары, аудан және қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдері, БҚО ҚХА кафедрасы, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері қатысты.

Өткен жылдан бастап халықтың проблемаларын шешу бойынша енгізілген мониторинг паспортына және бюджеттерді тиімді қолданудың Жол картасына, сондай-ақ агро-өнеркәсіптік кешен саласындағы технологияларға сәйкес қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы жүйелендірілді. Осы құжаттарды іске асыру мақсатында Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің ішінен осы жұмысты жүргізетін мониторингтік топ құрылды. Мысалы, ағымдағы жылдың үш тоқсанында Қоғамдық келісім кеңестеріне келіп түскен және қаралған мәселелердің саны 737 құрады, оның ішінде 541 шешілген, 112-і мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарына ұсынылды, 66 Кеңес отырыстарында қаралды, ал қалғандары шешім сатысында. – деді облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Брманов Нұрлыбек.

Сонымен қатар форум барысында Зеленов, Қазталов, Қаратөбе, Теректі, Тасқала, Шыңғырлау, Сырым аудандары Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы тыңдалды.

Мерей ауылдық қоғамдық келісім кеңесі жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстанып келеді. Ай сайын кеңес мүшелері бас қосып, ауылішілік мәселелерді талқылап жергілікті атқарушы органға өз ұсыныстарын жолдап, оның шешілу жолдары бойынша жұмыстанып келеді.

Ағымдағы жылы жүзеге асырылған жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша құрылған комиссия құрамында қоғамдық келісім кеңесінің екі өкілі бармыз. Ауылдық округ әкімшілігімен бірігіп, ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын зерделеп 21 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындадық. – деді Тасқала ауданы Мерей ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрайымы және «Мейірім» аналар ҚБ жетекшісі Айгүл Темірханова.

Жиын соңында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің VIІ облыстық форумының қарары қабылданып, Қоғамдық келісім кеңестерінің белсенді мүшелері марапатталды.